- Барлық ақпарат
Юньнань өлкесіндегі күз құшағында тербелген көгілдір көл
9 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қоңыр күзде Юньнань өлкесінің Лицзян қаласындағы Юйлун қарлы тауының етегінде орналасқан Көк ай аңғары күздің ең сұлу келбетіне енді. Күн сәулесіне шомылған көлдің көкпенбек суы асыл тастай жарқырап, көл жағасындағы күзгі жапырақтармен бірге тамаша көрініс қалыптастырды.
Юйлун қарлы тауының шығыс бөктерінде орналасқан Көк ай аңғары «Ақ су өзені» деп те аталады. Оның суы көгілдір, пішіні жарты айға ұқсас болғандықтан, «Көк ай аңғары» деп аталып кеткен. Теңіз деңгейінен шамамен 3000 метр биіктікте орналасқан алқапта бір-біріне иек артқан үлкенді-кішілі көлдер мөлдіреп жатыр. Қоңыр күзде қарлы таудың бейнесі көл бетіне көрік қосып, тау арасында бұлттар жөңкіле көшіп, көрген жанға сызған суреттей әсер сыйлайды.












people.cn © People's Daily Online



