Қорғас Орталық Азия нарықтарына бағытталған трансшекаралық электронды коммерцияны дамытуда

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 қазан

9 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңның Қорғас қалалық сауда басқармасының деректеріне сәйкес, жергілікті трансшекаралық электронды коммерция кәсіпорындарының саны 45-ке жетті. 2025 жылы трансшекаралық электронды коммерция саудасының көлемі 30,97 миллиард юаньды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 288,9%-ға өсті. Ал 2026 жылдың алғашқы 7 айында сауда көлемі 18,411 миллиард юаньға жетті.

Қазіргі уақытта Қытай-Қазақстан Қорғас халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында 2000-нан астам саудагер жұмыс істейді. Орталықта Армения, Болгария, Франция және Беларусь сияқты 10-нан астам елдің саудагерлері ұлттық павильондарын біріктіріп, Орталық Азия мен Еуропадан әкелінген 10 000-ға жуық ерекше тауар түрін ұсынып отыр.

Ынтымақтастық орталығы аумағында орналасқан трансшекаралық электронды коммерцияны дамыту орталығы Қазақстан сияқты елдерден келген тікелей эфирде сауда жасайтын блогерлерді өзіне жинады. Қазіргі таңда орталықта 300-ден астам шетелдік және 100-ден астам қытайлық блогер тұрақты түрде жұмыс істейді. Олар Қытайдың өнімдерін қазақ және орыс тілдерінде таныстырып, шетелдік нарықты кеңейтуде.

Қазақстандық тікелей эфирде сауда жасайтын блогер Уәли Болатов бұрын Алматыда дәстүрлі дүкен басқарған. Қазір ол трансшекаралық тікелей эфир арқылы сауда жасайды. Оның тауарлары Қазақстаннан бөлек, Ресей мен Өзбекстан сияқты елдерге де сатылуда. Жергілікті саудагерлердің айтуынша, тікелей эфир арқылы сауда жасау Орталық Азиядан серіктестік мәселелерін талқылауға келетін көтерме саудагерлердің санын да арттырған.

Сонымен қатар, Қорғас қаласы кәсіпорындарға сапалы қызмет көрсету үшін трансшекаралық электронды коммерцияға арналған индустриялық парктер, тарату орталықтары мен арнайы контейнерлік алаңдар салу, трансшекаралық тікелей эфирлерге арналған арнайы желілерді іске қосу сынды жолдар арқылы логистикалық қолдауды күшейтуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото