Сицзанның Бачен ауданындағы жер сілкінісінен зардап шеккен оқушылар жаңа орында сабақтарын қайта бастады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 6 қараша

6 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 4 қараша күні Нагчу қаласы Бачен ауданындағы жер сілкінісінен зардап шеккен ауылдық бастауыш мектептердің мыңнан астам оқушысы Лхасаның Нагчудегі орта мектебінде оқуларын қайта жалғастырды.

22 қазанда Сицзанның Нагчу қаласы Бачен ауданында магнитудасы 7,0-ге тең жер сілкінісі болып, екі ауылдың бастауыш мектеп ғимараттарына зақым келді. Жер сілкінісінің оқу процесіне тигізген кедергісін барынша азайту мақсатында, екі мектептің оқушылары мен мұғалімдері 1 қарашадан бастап үш топқа бөлініп, Лхасаның Нагчудегі орта мектебіне көшіріліп, басқа жерде сабақтарын үздіксіз жалғастырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото