- Барлық ақпарат
Қытайдың дәстүрлі киімдері шетелде танымал бола бастады

6 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Биылғы жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытайдың киім экспорты 120,7 миллиард АҚШ долларына жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 4,8%-ға өскенін көрсетті. Ал қыркүйекте бұл көрсеткіш 23,9%-ға артып, 4 ай қатарынан тұрақты өсімді байқатты. Бас кеден басқармасының деректері шығыс эстетикасына толы сәнді қытай стиліндегі киімдер экспортта жаңа түйінге айналып келе жатқанын көрсетеді.
Қытайдың 140-ыншы импорт және экспорт жәрмеңкесінде Гуандун торқасы мен Сычуань қамқасы сияқты материалдық емес мәдени мұра шеберлігінен туған сәнді жаңа өнімдер көптеген шетелдік сатып алушыларды баурады. Венесуэлалық саудагерлер дәстүрлі қытай сәнін «адамды таңғалдырады, сапасы да өте жоғары» деп бағалады.
Жәрмеңкеден тыс, тауарларды өздері көріп сатып алу үшін арнайы Қытайға ат басын бұратын шетелдіктер көбейіп келеді. Шэньчжэньдегі Наньоу болса жаңа қытай стиліндегі әйелдер киімінің негізгі көзі. Бір тұтынушы барлық санаттағы тауарларды бірден сатып алып, бір мезетте 580 000 юаньдық сауда жасады. Қолмен кестеленген киім ерекше танымал болып, шамамен жарты айда қайта тапсырыс беріліп, қор толықтырылады.

Бір кәсіпорынның жауапты тұлағасы бұрын бір түпнұсқа жабдық өндірушісі(OEM)экспорттық тауарының құны шамамен 10 доллар болғанын, қазір түпнұсқа дизайнмен құны ондаған есеге артуы мүмкін екенін айтты.
Бұл қарқынды сатылымның артында «ақылды өндіріс» тұр. Мысалы, Цзянси өлкесіндегі Юйду ауданында 3800-ден астам тоқыма және киім компаниялары орналасқан. Олардың цифрлық өндіріс желілері бір уақытта бірнеше стиль арасында еркін ауысып, шағын топты тапсырыстарды, жекелендірілген теңшеуді және жылдам жеткізуді қамтамасыз етеді.
Бұл икемді өндіріс моделі шетелдік сатып алушыларға алдымен жаңа стильдерді сынап көруге, содан кейін нарықтың сұранысына қарай қосымша тапсырыстар беруге мүмкіндік береді.
2025 жылға қарай Қытайдың тоқыма және киім өнеркәсібіндегі жабдықтардың цифрландыру деңгейі 57,4%-ға жетті. Ал жабдықтың интернетке қосылу әлеуеті 51,8%-ды құрады.
Фото:Синьхуа


people.cn © People's Daily Online



