- Барлық ақпарат
Иудың шекарааралық электронды коммерция импорты өткен жылғы жалпы көрсеткіштен асып түсті

6 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 4 қарашадағы жағдай бойынша Иу кедені биыл 110 миллион шекарааралық электронды коммерцияның кедендік импорт тізімін бақылады. Бұл өткен жылғы жалпы көрсеткіштен асып түсіп, сол кезеңдегі жаңа рекордты орнатты. Иу шекарааралық электронды коммерция импорты көлемі бойынша елде бірінші орында, тауарлардың түрі де алуан түрлі. Ол әлемнің 90-нан астам елі мен аймағынан 70 000-нан астам тауар түрін, негізінен азық-түлік, косметика, балалар сүт талқаны және ойыншықтарды импорттайды.
Иудың шекарааралық электронды коммерция импортының негізгі платформасы ретінде Иу кешенді кедендік аймағы мен Иу кедендік логистикалық орталығында қазіргі уақытта 130-дан астам шекарааралық электронды коммерция компаниялары орналасқан. Алғашқы 10 айда, шекарааралық электронды сауданың бажыдан кепілдікпен импортталған сомасы 27,148 миллиард юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25.63% артты.
people.cn © People's Daily Online



