- Барлық ақпарат
Шэньян қаласы мен Онлайн «Халық Газеті» жасанды интеллект саласындағы дарындыларды дамытуға бағытталған бірлескен бастаманы қолғаалды

9 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 17 қазан күні Шэньян қаласында «Солтүстік-Шығыс Азия (Шэньян) — 2026» дарындылар пікір алмасу конференциясы және «Жасанды интеллектпен өнеркәсіпті дамыту» конференциясы ашылды. Іс-шараның ашылу салтанатында ҚКП Шэньян қалалық комитеті Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Сунь Хунвэй мен Онлайн «Халық Газеті» президенті Фань Чжэнвэй жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлауға арналған «Цифрлық-интеллектуалды жандандыру» атты бірлескен бастаманы ресми түрде іске қосты.
Онлайн «Халық Газетінің» жетекші зертханалық базасына сүйене отырып, бұл бастама «цифрлық-интеллектуалды» мамандарды даярлаудың кешенді жолын қалыптастыруды көздейді. Ол іргелі білім беруді, практикалық дайындықты және кәсіби өсуді өзара ұштастырады.
Бұл бастаманың маңызды бөлігі ретінде, 18 қазанда Онлайн «Халық Газеті» Сучжоу OPC кәсіпкерлік ұйымы және кәсіпкерлер өкілдерін ұсыныс етіп Шэньян қаласында OPC (бір адамдық компания) дарындыларды дамыту бағдарламасын іске қосты. Сондай-ақ, Шэньян мен Сучжоу қалалары арасында OPC дарындыларды бірлесіп даярлау жөніндегі ресми келісімге қол қойылды.
people.cn © People's Daily Online



