Сицзан Шаньнань: мыңжылдық тарихы бар тибет мәдениетінің бесігі дамудың жаңа тарауын жазуда

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 қараша

9 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Тибет тілінде «Лхока»(Lhoka) деп аталатын Шаньнань — Сицзан тарихы мен мәдениетінің маңызды бесіктерінің бірі саналады. Теңіз деңгейінен орта есеппен шамамен 3700 метр биіктікте орналасқан бұл аймақ таңғажайып таулы көріністерге және бай экологиялық ресурстарға ие. Осынау кең байтақ далада табиғи көріністер мен тарихи мәдениет бір-бірімен үйлесім тауып, дәстүрлі әдет-ғұрыптар заманауи өмір салтымен ұштасып жатыр. Бұқараға арналған мәдени және спорттық іс-шаралар дамып, аймаққа тән салалық өндірістер қарқын алуда. Бұлар Шаньнаньның бай тарихи-мәдениетіне мұрагерлік етумен бірге, заманауи даму жолында келе жатқанын айқын көрсетеді.

Мөлдір көлдері мен ақбас шыңдарынан бастап бірегей туристік әлеуетіне дейін; дәстүрлі қолөнер, ұлттық ән-би өнерінен бастап мыңдаған жылдар бойы үзілмей жалғасып келе жатқан мәдени дәстүрлерге дейін; алуан түрлі спорттық шаралар мен түрлі этностық топтар арасындағы терең байланыстардан бастап жергілікті халықтың табысын арттыратын салалық өндірістерге дейін — Шаньнаньның дамуы жан-жақты әрі терең тоғысуды көрсетеді.

Бүгінде Шаньнань өзінің ерекше табиғи ортасы мен тамыры тереңде жатқан мәдени мұрасына сүйене отырып, түрлі салаларды қамтитын кешенді даму жолын белсенді түрде іздестіруде. Аймақ экологиялық және мәдени артықшылықтарын экономиканы дамытудың қозғаушы күшіне айналдыруға ұмтылуда. Сол арқылы дәстүрлі мәдениеттің жаңа дәуірде гүлденуіне, ал өнеркәсіптік дамудың жергілікті тұрғындарға нақты игіліктер әкелуіне баса назар аударылуда.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото