Ұлттық аз зерттелетін және жойылып кету қаупі төнген академиялық пәндер жөніндегі одақ құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 қараша

9 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы университетінің аз зерттелетін және жойылып кету қаупі төнген академиялық пәндер институтының құрылу рәсімі және Ұлттық аз зерттелетін және жойылып кету қаупі төнген академиялық пәндер жөніндегі одағын іске қосу жиналысы жақында Бейжіңде өтті. Тілшінің алған мәліметіне сәйкес, Ұлттық аз зерттелетін және жойылып кету қаупі төнген академиялық пәндер жөніндегі одағы Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы университетінің бастамашылығымен құрылған. Оның мақсаты — елдегі тиісті күштерді біріктіріп, ынтымақтастықты тереңдету, аз зерттелетін және жойылып кету қаупі төнген академиялық пәндер дарындыларын тәрбиелеу сапасын арттыруға күш салып, Жұңхуа мәдениетінің сабақтастығына мұрагерлік ету. Сондай-ақ, философия мен қоғамдық ғылымдардың дербес білім жүйесін құруға көмектесу. Қазіргі уақытта бүкіл елде 80-нен астам университет, ғылыми зерттеу институттары мен мұражай-мәдениет мекемелері одаққа қосылды.

Жаңадан құрылған Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы университетінің аз зерттелетін және жойылып кету қаупі төнген академиялық пәндер институты көне түркі, таңғұт, қидан, маньчжур, көне ұйғыр, көне тибет, көне и жазуы сияқты ежелгі этникалық жазуларға баса назар аударады. Сонымен қатар, сауыт-сүйек жазулар ғылымы, бамбук және жібек қолжазбалар ғылымы мен классикалық зерттеулер сияқты ерекше бағыттарды біртұтас жоспарлады. Сауыт-сүйек жазулары мен бамбук және жібек қолжазбалары, солтүстік этникалық топтардың ежелгі жазулары, оңтүстік-батыстағы этникалық топтардың ежелгі жазулары мен Қытай және Батыс классикалық өркениеті сияқты оқу-зерттеу бөлімдерін құрды. Арнайы цифрлық-интеллектуалды аз зерттелетін және жойылып кету қаупі төнген академиялық пәндер зертханасын ашты. Одақ құжаттарды зерттеу мен далалық тәжірибеге сүйене отырып, жаңа дәуірдегі аталмыш саланың үздік мамандарын даярлауға бағытталған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото