- Барлық ақпарат
Биылдың алғашқы 10 айында Үрімжі Тяньшань халықаралық әуежайы арқылы Орталық Азияның бес елі арасындағы жолаушылар ағыны 28,9%-ға өсті

9 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Үрімжі Тяньшань халықаралық әуежайындағы жолаушылар ағыны қарқынды өсу үрдісін сақтап қалды. 31 қазандағы жағдай бойынша, биыл әуежайдағы шекаралық бақылау қызметі 1,2 миллионнан астам кіріп-шыққан жолаушыны тіркеді. Әуежай өткелі арқылы еліміз бен Орталық Азияның бес елі арасындағы жолаушылар ағыны өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 28,9%-ға артып, әуежай өткеліндегі жалпы жолаушылар санының 51,1%-ын құрады.
Биылғы жылы Тяньшань халықаралық әуежайы халықаралық бағыт желісін кеңейтуді жалғастырып, батыс бағытындағы рейстер санын тұрақты түрде арттырды. Әуежайда 9 жаңа тікелей халықаралық жолаушылар және жүк тасымалдау бағыты іске қосылды. Қазіргі уақытта мұндағы халықаралық жолаушылар бағыты Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Германия сынды 18 ел мен аймақты қамтиды. Ал халықаралық жүк тасымалдау әлеуеті 22 ел мен аймаққа жетеді.
people.cn © People's Daily Online



