- Барлық ақпарат
Қытай ғарыш станциясы алғашқы шетелдік ғарышкерді қарсы алады

9 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың басқарылатын ғарыштық инженерия басқармасы 7 қарашада бір пәкістандық ғарышкердің пайдалы жүктеме маманы ретінде «Шэньчжоу-24» ғарыш кемесінің ұшу миссиясына қатысатынын хабарлады.
Орбитада қысқа уақыт болғаннан кейін, пәкістандық ғарышкер жерге «Шэньчжоу-23» ғарыш кемесімен оралады.
Бұл – Қытайдың басқарылатын ғарыш тарихында қытайлық және шетелдік ғарышкерлердің бірлесіп миссия орындайтын алғашқы жағдайы болмақ.
2025 жылдың ақпанында Қытай мен Пәкістан пәкістандық ғарышкерлерді Қытай ғарыш станциясына ұшуға іріктеу және даярлау жөніндегі ынтымақтастық келісіміне қол қойып, Пәкістанда іріктеу процесін ресми түрде бастады.
Іріктеу және бағалау процесі 3 кезеңнен тұрды, нәтижесінде 2 үміткер анықталды. Қытайда қажетті дайындықты толық орындап, қорытынды сынақтардан сүрінбей өткеннен кейін, олардың бірі миссияны орындайды, ал екіншісі қосалқы ғарышкер болады.
people.cn © People's Daily Online



