C909 өрт сөндіру ұшағы ірі орман өртін сөндіру жаттығуына қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 қараша

10 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 9 қараша күні Төтенше жағдайлар министрлігі мен Чунцин қалалық халық үкіметі бірлесіп Фэнцзе ауданында «Төтенше жағдай миссиясы 2026» — Чунцин ірі орман өртін сөндіру жаттығуын өткізді. C909 өрт сөндіру ұшағы ұлттық деңгейдегі орман өртіне қарсы жаттығуда тұңғыш көрсетілді. Бұл жаттығу отандық өндірістегі аймақтық ұшақтарды өзгертіп жасау платформаның биік таулы әуе кеңістігіне бейімделуін, сондай-ақ өрт сөндіру қапшығын жеткізудің дәлдігі мен үздіксіздігін тексеруге бағытталған.

C909 өрт сөндіру ұшағы Қытайдағы алғашқы дербес жобаланған интеграцияланған үлкен су ыдысымен жабдықталған ұшақ. Ол нысанаға өрт сөндіру қапшығын дәл жеткізіп, шамамен 400 метр ұзындықтағы біркелкі өртке төзімді аймақ орната алады. Орман және жайылым өрттерінің өршуіне бейімделе отырып, ол ашық жалынды тікелей өшіріп қалмастан, өртке төзімді аймақ құрып, өрттің одан әрі таралуына жол бермейді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото