Астанада «Қытай мен Қазақстан мәдениетінің тоғыспалы жылының» жабылу салтанаты өтті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 қараша

11 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 9 қараша күні Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік музыкалық-драма театрында «Қытай мен Қазақстан мәдениетінің тоғыспалы жылының» жабылу рәсімі салтанатты түрде өтті. Іс-шара аясында қытайлық Композитор Сянь Синхай мен қазақстандық музыкант Бақытжан Байқадамов арасындағы достыққа арналған концерт ұйымдастырылды. Салтанатты кешке Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев пен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Чэн Кэфань қатысып, сөз сөйледі.

Концертте өнер арқылы Сянь Синхай мен Бақытжан Байқадамов арасындағы достықтың әсерлі тарихын жиналған жұртшылықтың есіне салды. Сахнада Қытай мен Қазақстан өнерпаздары бірлесіп өнер көрсетті.

Театрдың залында екі музыканттың достығына арналған фотокөрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ онда Нинбо фарфоры, дәстүрлі балық пішінді шамдар және матадан тоқылған «жел қоңыраулары» сияқты материалдық емес мәдени мұра үлгілері көрсетіліп, келушілерге оларды жасауға қатысу мүмкіндігі ұсынылды.

2026 жылғы «Қытай мен Қазақстан мәдениетінің тоғыспалы жылы» іс-шарасын Қытай Мәдениет және туризм министрлігі мен Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесіп ұйымдастырды. Жыл бойы арнайы қойылымдар, тақырыптық көрмелер, бірлескен археологиялық жобалар және өнер семинарлары сияқты алуан түрлі әрі жоғары деңгейдегі мәдени іс-шаралар өткізілді. Бұл бастамалар Қытай мен Қазақстан арасындағы достықтың халықтық негізін нығайтып, екі ел арасындағы мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге серпін берді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото