- Барлық ақпарат
«Он екі мұқамды» қорғап, мұрагерлік еткен кейіпкерді сомдаған актер «Алтын әтеш» сыйлығын иеленді

11 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қараша күні Сямэнь қаласында 39-ыншы кезекті Қытай кино марапаты «Алтын әтеш» (Golden Rooster) сыйлығының жабылу рәсімі өтті. Актер Ошыр Салай «Вань Туншу» (Wan Tongshu) фильміндегі рөлі үшін «Алтын әтеш» сыйлығының ең үздік қосалқы рөлдегі актер сыйлығын жеңіп алды.
«Вань Туншу» фильмі шынайы оқиғаға негізделіп түсірілген. 1950 жылдары жас музыкант Вань Туншу үкіметтің тапсырмасымен жарымен бірге бір жастағы қызын алып Шыңжаңға аттанады. Ол жерде дәстүрлі халық өнерпазы Тұрды Ахунмен бірлесе отырып, көптеген қиындықты еңсере жүріп, жойылып кету алдында тұрған — «Он екі мұқамның» толық репертуарын жазып алып, нотаға түсіріп, жүйелейді. Осылайша, бұл өнер қайта жанданады. Кейіннен Вань Туншу Шыңжаңда тұрақтап қалып, бүкіл өмірін мұқамдар мен басқа да дәстүрлі халық музыкасын жинауға, құжаттауға және зерттеуге арнайды. Ұйғыр халқының бағалы классикалық музыкалық дәстүрі саналатын «Он екі мұқам» бүгінде ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізілген.
Фильмде Ошыр Салай халық өнерпазы Тұрды Ахунның бейнесін сомдайды. Ол шынайы әрі нағыз актерлік шеберлігі арқылы көнекөз өнерпаздың өз ісіне деген шексіз махаббатын және уақыт сыйлаған өзгерістерді сомдап шығады. Актер кейіпкердің жүрегіндегі «Он екі мұқамды» келесі ұрпаққа аманаттап, осы мәдени мұраның жалынын сөндірмеу жолындағы еңбегін нәзік жеткізе отырып, туындыға мәдени мұраны қорғау туралы күш сыйлады.
people.cn © People's Daily Online



