Нинбо-Чжоушань портының жылдық контейнер айналымы тағы да 40 миллион TEU-дан асты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 қараша

11 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қараша күні Нинбо-Чжоушань портының жылдық контейнер айналымы 40 миллион TEU-дан асты. 2025 жылы бұл межеге алғаш рет қол жеткізген порт биыл қатарынан екінші жыл осы көрсеткішке жетті әрі бұл жолы көрсеткішті өткен жылдан 22 күнге ерте орындады. Қазіргі уақытта Нинбо-Чжоушань порты 310-нан астам контейнерлік тасымалдау бағытын ашып, әлемнің 200-ден астам елі мен аймағындағы 700-ден астам портпен байланыс орнатқан. Ол порттың байланыс индексі бойынша әлемде екінші орында тұр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото