Шаньдун портына қарасты Яньтай портынан тұрақты кемелермен бөлшек жүктерді тасымалдау көлемі 20 миллион тоннадан асты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 қараша

11 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Биыл жыл басынан бері Шаньдун портына қарасты Яньтай порты бағыттар арқылы жүк көздерін жинақтап, жүк көздері арқылы бағыттарды дамытуда. Ол құрылыс көліктері, құрылыс техникасы, жел энергетикасы жабдықтары, құрылыс материалдары сияқты ірі көлемді жүктердің барлық түрін қамтитын кәсіби теңіз тасымалын қамтамасыз ету жүйесін құрды. Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Оңтүстік Америка, Еуропа сияқты елдер мен аймақтарға тікелей қатынайтын 37 халықаралық бөлшек жүктерді тасымалдайтын тұрақты кеме бағытын ашып, «Қытайда жасалған» өнімдер мен «Қытай жобаларының» шетелге шығуына көмектесуде. Осы уақытқа дейін Яньтай портының 2026 жылы тұрақты кемелермен бөлшек жүктер жөнелту көлемі 20 миллион тоннадан асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52,6%-ға өсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото