Қазан айында Қытайдың жеңіл көлік экспорты көлемі өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 68,5%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 қараша

11 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Деректерге сәйкес, қазан айында Қытайдан жалпы 928 мың жеңіл автомобиль экспортталып, өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 68,5%-ға өсті. Оның ішінде жаңа энергиялық жеңіл көліктерді экспорттау көлемі 582 мың дананы құрап, өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 144,7%-ға өсті. Бұл көрсеткіш жеңіл автомобиль экспортының жалпы көлемінің 62,8%-ын құрап, өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 20 пайыздық тармаққа өсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото