Дуньхуанда мыңжылдық музыка мен би өнеріне куә болыңыз

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 12 қараша

12 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Ганьсу өлкесінің Дуньхуан қаласында 9-ыншы Жібек жолы (Дуньхуан) халықаралық мәдени көрмесі өтті. Көрме барысында қонақтар мен әр өңірден келген туристер «Дуньхуан әуенін» тамашалап, Жібек жолы мәдениетін бірге сезінді.

Бұл қойылым Могао үңгірлерінің қабырға суреттеріндегі музыканттар мен бишілердің бейнелеріне, сондай-ақ көне ноталар мен ежелгі музыкалық аспаптарды зерттеу нәтижелеріне негізделіп дайындалған. «Дуньхуан әуені» 2023 жылдың маусым айында алғаш рет сахналанғаннан бері жалпы 2700-ден астам рет қойылып, 1 миллион 250 мыңнан астам көрерменді қабылдады. 2026 жылдың қаңтарында бұл қойылым Мәдениет және туризм министрлігінің ұлттық туристік өнер көрсетілімдерінің үздік туындыларының екінші тобына енді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото