- Барлық ақпарат
Биыл алғашқы үш тоқсанда Қытайдың «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салған елдермен импортының арту қарқыны 17,9%-ға жетті

12 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 11 қараша Ұлттық даму және реформалар комитеті баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында комитеттің жауапты өкілі қазіргі уақытта Қытай 150-ден астам елмен және 30-дан астам халықаралық ұйыммен «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу ынтымақтастығы туралы құжатқа қол қойғанын мәлімдеді. Биыл алғашқы үш тоқсанда Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдерден импорты 17,9%-ға өскен.
Осы уақытқа дейін Қытай-Еуропа жүк пойыздары 140 мың астам рет қатынап, Еуропаның 26 еліндегі 237 қалаға жетті. Еліміздің халықаралық контейнерлік тұрақты кеме бағыттары әлемнің 100-ден астам елі мен аймағына қатынайды. Әуе Жібек жолы 66 елдің 159 қаласымен байланыс орнатқан. Инфрақұрлымның тұтасуы анағұрлым іркіліссіз болды. 2024 жылдан бері Қытай мен «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құратын елдер арасындағы тауар айналымының үлесі Қытайдың жалпы сыртқы сауда көлемінің 50%-ынан жоғары деңгейде тұрақтап отыр. Бұл ішкі және халықаралық экономикалық айналымның өзара байланысын қамтамасыз ететін маңызды тірекке айналды.
people.cn © People's Daily Online



