- Барлық ақпарат
Гуйян халықаралық құрлық портына Орталық Азиядан қайтқан пойыз келіп тоқтады

13 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 40 футтық 54 контейнер Қазақстаннан өндірілген жемдік шикізатпен толық тиелген пойыз Қазақстанның Қапшағай станциясынан шығып, тікелей Қорғас порты арқылы өтіп, 11 қараша күні Гуйян халықаралық құрлық портына келді. Бұл осы жерге биыл Орталық Азиядан қайтқан екінші пойыз және осы жылдың маусым айында Орталық Азиядан келген алғашқы кері пойызбен салыстырғанда тасымалдау уақыты 4 күнге үнемделіп, арнаның жұмыс тиімділігі едәуір жақсарды.
Жоспарға сәйкес, осы айда Орталық Азиядан барлығы 40 футтық 248 контейнерлері бар төрт кері пойызды қабылдамақ, олардың барлығы Қазақстанда өндірілген жем шикізаттарын тасымалдайды. Тікелей кері пойыздардың тұрақты қатынауы жем шикізатының сапасына тиімді кепілдік беріп, жүктердің зақымдалуын азайтып, өлкедегі жем өнеркәсібін тұрақты және сенімді шикізатпен қамтамасыз етеді. Сонымен бірге осы өлкедегі жем кәсіпорындары мен бағымшылық кәсіпорындарының ауқымын тұрақтандырып, сапасын жақсартуға көмектеседі.
people.cn © People's Daily Online



