- Барлық ақпарат
Чунциннің алғашқы толық автоматты қалалық теміржол экспресс желісі пайдалануға берілді

13 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 12 қараша күні Чунциннің алғашқы толық автоматты қалалық теміржол экспресс желісі — Цзинкоудан Лянцзяндағы Кино және телевидение қалалық станциясына дейінгі 15-інші теміржол транзиттік желісі пайдалануға берілді. Чунцин Теміржол транзитінің 15-інші желісі батыстағы Цзэнцзя станциясынан шығып, шығыстағы Лянцзян Кино және телевидение қалалық станциясына барады. Жалпы ұзындығы шамамен 72 шақырым және максималды жобалық жұмыс жылдамдығы 140 шақырым. Цзинкоудан Лянцзян Кино және телевидение қалалық станциясына дейін бұл жолы ашылған учаске қаланың орталық бөлігіндегі теміржол экспресс желісіндегі олқылықтың орнын толтырып, ауқымды тұрғындар райондары жетілген бизнес аудандары, ерекше индустриалды аймақтар, Цзянбэй әуежайы сияқты маңызды функционалдық түйіндерді тиімді байланыстырады. Сөйтіп қаланың жоғары сапалы дамуына дем берді.




people.cn © People's Daily Online



