Шэньчжэнь Қытай материгінде сыртқы сауда көлемі 5 триллион юаньнан асқан алғашқы қала атанды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 16 қараша

16 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 14 қараша күні 2026 жылғы Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы (APEC) көшбасшыларының кездесу апталығының баспасөз орталығында Гуандун өлкесі мен Шэньчжэнь қаласының қытайлық және шетелдік БАҚ өкілдеріне арналған арнайы хабарландыру жиналысы (брифинг) өтті. Шэньчжэнь қалалық сауда бюросының директоры Чжан Фэймэн соңғы деректерге сүйене отырып, Шэньчжэньнің сыртқы саудасы жаңа деңгейге жеткенін хабарлады. Осылайша, Шэньчжэнь Қытай материгіндегі жалпы сыртқы сауда импорт пен экспорт көлемі 5 триллион юаньнан асқан алғашқы қала атанды. Шэньчжэнь кеденінің статистикасына сәйкес, осы жылдың алғашқы 10 айында қаланың импорт пен экспорт бойынша жиынтық көлемі 5,25 триллион юаньға жетті. Бұл тарихта алғаш рет 5 триллион юаньдық меженің бағындырылуы және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,9%-ға өсті. Жалпы көлемнің ішінде экспорт 2,71 триллион юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 19,7%-ға артқан, ал импорт 2,54 триллион юань болып, сәйкес уақытпен салыстырғанда 73,7%-ға жоғарылаған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото