Қытай мен Қазақстан жер сілкінісін зерттеу саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 17 қараша

17 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылы Қытайдың Жер сілкінісі бюросының Геофизика институты Ғылым және технологиялар министрлігі құрған 3 халықаралық көрнекті жастар жобасын ұтып алды. Жоба аясында Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлттық Сейсмологиялық байқау және зерттеулер орталығының 3 жас ғалымы Қытайға шақырылды. Олар Қытайда 3 айға созылатын қысқа мерзімді зерттеулер жүргізеді.

Жас ғалымдар жер сілкінісін бақылау технологиясын жетілдіру және жасанды интеллект деректерінің сапасын бақылау, индукцияланған жер сілкінісі мен жер сілкінісі қаупін бағалау бойынша зерттеулермен айналысады.

Бұл сапар Қытай мен Қазақстан арасындағы геофизика және сейсмология саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, «Бір белдеу, бір жол» бойындағы жер сілкінісін бақылау технологияларымен алмасуға жәрдемдеседі. Сондай-ақ Қытайдың сейсмикалық қауіптілікті бағалау әдістерін Қазақстанда қолдануына негіз қалауға мүмкіндік береді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото