Қытайдың Beidou өнімін экспорттау моделі жаңғыруда

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 18 қараша

18 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 17 қараша күні Бейжіңде жарияланған «2026 жылғы Қытайдың Beidou өнеркәсібінің даму индексі туралы есебі» 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жағдай бойынша Қытайда Beidou терминалдық жабдықтарының әртүрлі түрлерін (тұрмыстық электрониканы қоспағанда) қолдану саны шамамен 42 миллион дананы құрайтынын көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 миллионға жуық данаға өсіп, шамамен 27%-ға жоғарылады. Сөйтіп, Beidou кешенді қолданбаларының жалпыласу деңгейі 90%-дан асады. Есеп Beidou өнімін экспорттау бастапқы қарапайым аппараттық құрал экспортынан «аппараттық құрал + бағдарламалық құрал + шешімдер + жергілікке бейімделген операцияларға» ауысып жатқанын және қосылған құны жоғары өнімдердің үлесі артып келе жатқанын көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото