- Барлық ақпарат
Шыңжаңның баяу пойызындағы «жылжымалы базар»

18 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Шыңжаңының оңтүстігінде кәдімгі баяу пойыз ауылдық жерлерді аралайтын «жылжымалы базарға» айналды.
Қашқар мен Хотан арасындағы бұл баяу жүретін қоғамдық әл-ауқат пойызы маршрут бойындағы фермерлерге ауылшаруашылық өнімдері мен қолөнер бұйымдарын сататын жылжымалы дүкен сыйлады. Онда жүзім, анар, жаңғақ, қызыл құрма және ұйғыр халқының дәстүрлі кестелі гүл қалпақтары сияқты шыңжаңдық ерекшелікке ие өнімдердің барлығы пойызда сатылып, сауда жүріп жатты.
2021 жылдың шілдесінде теміржол қызметкерлері мен полицияның көмегімен «жылжымалы базар» ресми түрде іске қосылды. Қызметкерлер фермерлерге тауарларды сатуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар көптілді аударма, есептік жазбаны тексеру және қауіпсіздік қызметтерін де ұсынады. Сол сияқты онлайн эфирде тіке сауда арқылы сатылымдарды кеңейтеді.
«Жылжымалы базар» пойызы интернет арқылы халық арасында танымал болды. Баяу пойызға отырғаннан кейін жолаушылар вагон қызметкерлері қалдырған байланыс нөмерлері арқылы Шыңжаңның оңтүстігіндегі кептірілген және жаңа піскен жемістерге, қолөнер бұйымдарына тапсырыс беруді жалғастырады.
2026 жылдың қараша айының басындағы жағдай бойынша «жылжымалы базардың» жалпы онлайн және офлайн сатылымы 4,6 миллион юаньнан асты.
Баяу пойыз фермерлерді, тұтынушыларды және ауыл өнеркәсібін байланыстырады. Сонымен қатар Қытайдың Шыңжаңындағы көлік қызметтері, ерекше салалар және цифрлық сатылымдар арқылы ауылдың дамуына ықпал етудің оңтайлы тәжірибесін көрсетті.
Фотоны түсіргендер Пэй Хан,Бай Фэнлян қатарлылар







people.cn © People's Daily Online



