- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин Азия-Тынық Мұхиты қауымдастығын құру туралы айтты

19 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 19 қараша күні ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Шэньчжэнь қаласында Азия-Тынық Мұхиты экономикалық ынтымақтастығы(APEC)көшбасшыларының 33-інші бейресми кездесуіне төрағалық етіп, маңызды сөз сөйледі.
Си Цзиньпин қазіргі уақытта әлемдегі ғасырлық өзгерістер жағдайы жеделдеп, ғылыми-техникалық инновациялар мен өнеркәсіптік инновациялар қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Жаңа мүмкіндіктер мен сын-қатерлерге тап болғанда Азия-Тынық Мұхиты экономикалық ынтымақтастығы сөзсіз жаңа жағдайға бейімделіп, жаңа қадамдар жасап, жаңа жағдай туғызуы керек, осылайша «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын», ашық та іркіліксіз, жаңашыл да инновациялық және инклюзивті дамуды көздейтін Азия-Тынық Мұхиты қауымдастығы құрылысын ілгерілету керек.
Фото:Синьхуа


people.cn © People's Daily Online



