- Барлық ақпарат
Чэнду Алматыға коммерциялық көлік тасымалдайтын тікелей пойыз бағытын ашты

20 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 19 қараша күні Орталық Азияға бағытталған алғашқы JSQ Jetta арнайы пойызы Чэнду теміржол логистикалық орталығынан шығып, Чэнду қаласында шығарылған 290 Jetta көлігі Қазақстанның Алматы қаласына бет алды. Бұл Чэнду қаласының толық көліктерді алғаш рет JSQ коммерциялық көліктерге арналған теміржол вагондарымен жөнелтуі. Осылайша, бұл қала «Чэндуда жасалған» автомобильдерді Орталық Азияға экспорттаудың жаңа логистикалық жүйесін ашты.
JSQ вагондары-дайын автомобильдерді тасымалдауға арналған арнайы теміржол жабдығы. Көлік құралдарын тікелей жабық вагондарға бірнеше рет орамай және қораптан шығармай-ақ тиеуге болады. Дәстүрлі контейнерлермен экспорттаудың тәртібімен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі шамамен 75%-ға жоғарылап, тасымалдау құны 10%-ға төмендейді. Ал тасымалдаудың уақыт өнімділігі 30%-ға жоғары. Бұл тасымалдау кезінде көліктің зақымдалуын азайтады.

people.cn © People's Daily Online



