«Чанъин-8» ауқымды тасымалдау және жеткізу ұшқышсыз ұшу аппараты тасымалдау, жеткізу сынағын аяқтады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 қараша

20 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында еліміз компаниясы дербес әзірлеген 7 тонналық «Чанъин-8» ауқымды тасымалдау және жеткізу ұшқышсыз ұшу аппараты тасымалдау, жеткізу сынағын сәтті аяқтады. Бұл жолғы сынақ «Чанъин-8» ұшқышсыз ұшу аппаратының модульдік тиеу, 300 метр биіктікте жеткізудің негізгі мүмкіндіктерін қадағалауға бағытталған.

«Чанъин-8» ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшу салмағы 7 тонна, жүк көтергіштігі 3,5 тонна, максималды ұшу қашықтығы 3000 шақырымнан асады. Оның үстіртке көтерілу, қону мүмкіндігі және қысқа қашықтығы 200 метр аралықта ұшып, қону әлеуеті бар. Сондықтан әртүрлі ортадағы ұшу, қону жағдайларына бейімделе алады.

Айта кету керек, «Чанъин-8» 18 текше метр үлкен көлемдегі жүк қоймасымен жабдықталған. Құрылғының ішіне стандартты әуе контейнерінің бірнеше түрі, кәсіби тоңазытқыш тізбекті сақтау қорапшалары сияды әрі бұл жүктерді 15 минут ішінде тиеп, түсіре алады.

Болашақта «Чанъин-8» логистика, шұғыл жағдайда қолдану, аралдардағы тасымалдау және жаңа тоңазытқыш тізбекпен тасымалдайтын заттарды жеткізу сияқты орталарда қолданылатын болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото