Қытай жаңадан жетекші деңгейдегі 34 ақылды зауытты қосты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 қараша

20 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігі қатарлы 6 департамент 19 қараша күні жаңа топқа енетін жетекші деңгейдегі 34 ақылды зауытты дамыту тізімін жариялады.

Аймақтық таралуы тұрғысынан зауыт солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс, орталық және шығыс аймақтарды толық қамтиды. Өнеркәсіп тұрғысынан жабдықтар өндірісі, болат, электронды ақпарат сынды салалардан басқа, фармацевтика, киім-кешек сияқты тұтыну тауарлары саласындағы кәсіпорындар алғаш рет таңдалды.

Мәліметтерге сәйкес, жетекші деңгейдегі ақылды зауыт-бұл біздің еліміздегі ақлыды зауыттарды санатқа бөліп дамытудың ең жоғары деңгейі (негізгі, озық, үздік және жетекші деп төрт деңгейге бөлінеді). Жетекші деңгейдегі зауыттар өзінің өндірістік тиімділігін айтарлықтай жақсартып қана қоймай, сонымен бірге өнеркәсіптік тізбекте қозғаушы рөл атқарады. Деректер көрсеткендей, осы 34 жетекші санаттағы зауыт 4000-ға жуық кәсіпорынды цифрлық және интеллектуалды жаңартуларды бірлесіп жүзеге асыруға жұмылдырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото