3,95 миллиард жыл! Хэбэйдің Лулун өңірінен Азиядағы қазірге дейінгі ең көне тау жынысы табылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 23 қараша

23 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Табиғи ресурстар министрлігі Геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, зерттеушілер Хэбэй өлкесінің Лулун ауданында 3,95 миллиард жыл бұрын пайда болған ежелгі тау жынысын тапты. Ол қазіргі уақытта Азиядағы ең көне тау жәдігері болып табылады. Бұл тау жынысы гранитті гнейстерге жатады, ал ашық алаңы шамамен 15 шаршы метрді құрап, шағын бөлменің көлеміне тең келеді. Тау жыныстарындағы циркон минералдарын анықтау арқылы зерттеушілер оның 3,95 миллиард жыл бұрын түзілгенін растады. Жер шары шамамен 4,6 миллиард жыл бұрын пайда болған, ал 3,95 миллиард жылды Жер шарының «балалық шағы» деуге болады. Қазіргі уақытқа дейін сақталып қалған тау жыныстарының үлгілері өте сирек кездеседі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото