Шыңжаң банкі юань трансшекаралық төлем жүйесінің тікелей қатысушысы ретінде бекітілді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 23 қараша

23 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаң банкі юань трансшекаралық төлем жүйесінің (CIPS) тікелей қатысушысы ретінде ресми түрде бекітілді. Осылайша, ол Шыңжаңдағы жергілікті заңды тұлға банктерінің осы біліктілікті алған алғашқы партиясы болды.

Шыңжаң банкінің Халықаралық бизнес департаментінің бас менеджері Рәйна Али болашақта Шыңжаң банкі көрші елдердегі банкаралық мекемелердің трансшекаралық клирингтік қажеттіліктерін қанағаттандыру, тұрақты және тиімді юань клирингтік қызметтерін ұсыну және юаньнің айналасындағы өңірлердегі қолдану айналымын арттыратынын айтты.

Банк стандартталған қолжетімділік талаптарына сәйкес тікелей қатысу жүйесін құруға жәрдемдеседі және тікелей қатысу бизнесі 2027 жылдың маусым айының соңына дейін жүзеге асырылады деп күтілуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото