Алғашқы 10 айда жоғары технологиялық өнеркәсіпте шетелдік капиталды нақты пайдалану қарқынды өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 23 қараша

23 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 20 қараша күні Сауда министрлігі жариялаған деректерге сәйкес, 2026 жылдың қаңтарынан қазанына дейін Қытайдың жоғары технологиялық өнеркәсібі іс жүзінде 252,83 миллиард юань шетелдік капиталды пайдаланған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,3%-ға өсіп, елдің шетелдік капиталды нақты пайдалануының 41,7%-ын құрап, сәйкес уақытпен салыстырғанда 10,7 пайыздық тармаққа артты.

Олардың ішінде аэроғарыш өнеркәсібі мен жабдықтарды жасау, ғылыми-техникалық жетістіктерді трансформациялау қызметтері, компьютерлік және кеңсе жабдықтарын жасау, электронды және коммуникациялық жабдықтарды жасау, ғылыми зерттеу мен әзірлеу және жобалау қызметтерінде шетелдік капиталды нақты пайдалану сәйкесінше 128.8%、73,3%、48,8%、35,7%、23%-ға өсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото