- Барлық ақпарат
Лан Пин ең жоғары құрметке ие болды

23 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) ресми сайтының хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша 21 қараша күні Доминикан республикасында өткен 40-ыншы FIVB конгресінде қытайлық волейбол жұлдызы Лан Пин және халықаралық волейбол әлеміндегі басқа 4 көрнекті спортшы FIVB-нің ең жоғары марапаты — «Волейбол медаліне» ие болды.
FIVB «Волейбол медалі» волейбол мен жағажай волейболының жаһандық ауқымда өсуі мен ілгерілеуіне тұрақты түрде ерекше үлес қосып келе жатқан тұлғаларды марапаттауға бағытталған сыйлық.
Марапаттау рәсімінде FIVB ресми тарапы Лан Пиннің «Жаһандық волейбол жұлдызы» екенін, оның ойыншы және жаттықтырушы ретіндегі жетістіктері жас спортшыларды шабыттандырып келе жатқанын айтты.
Лан Пинмен бірге бұл сыйлықпен американдық волейбол жұлдызы Даг Бил, австралиялық жұлдыз Крейг Каррахер, кубалық әйелдер волейболының «алтын ұрпақ» жұлдызы Мирея Луис және швейцариялық жұлдыз Руди Кунц марапатталды.
Фото:FIVB

people.cn © People's Daily Online



