- Барлық ақпарат
Ішкі Моңғұлда 100 миллионнан астам жыл бұрынғы үйректұмсық динозаврлардың қазба қалдықтары табылды

24 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Ішкі Моңғұлдың Табиғат мұражайы, Юньнань университеті, Қытай Ғылым академиясының Ертедегі омыртқалы жануарлар және ертедегі адамзатты зерттеу институты, Шэньян педагогикалық университеті сынды мекемелерінің бірлескен ғылыми-зерттеу тобы «Fossil Record» халықаралық палеонтологиялық журналда мақала жариялады. Онда Эрлиан ойпатындағы ерте Бор дәуіріндегі үйректұмсық динозаврлар қазба қалдықтарының алғаш табылуы туралы жазылған. Қазба қалдықтары Ішкі Моңғұлдың Силиньголындағы Эрджи Наоер ауылынан қазып алынған. Бұл Эрлиан ойпатының төменгі Бор дәуіріндегі үйректұмсық динозаврлардың алғашқы қазба деректері. Бұл қазба қалдықтар қазір Ішкі Моңғұлдың Табиғат мұражайында сақтаулы. Үлгіде сол жақ тіс сүйегі, тістері, омыртқалары, бақайшықтары және көптеген сүйек сынықтары бар. Динозаврдың сүйектері ұсақталып сынып кеткенімен, қазылған жер шоғырлары мен көму түрінен оның өз орнында көмілгенін білуге болады.

people.cn © People's Daily Online



