2026 жылғы әлем қала әкімдері диалогінің Шыңжаңдағы Үрімжі іс-шарасы басталды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 24 қараша

24 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 23 қараша күні 2026 жылғы әлем қала әкімдері диалогінің Үрімжі іс-шарасы басталды. Шыңжаңға 13 елден, 26 қаладан келген шетелдік қала әкімдері мен қала өкілдерінен тұратын 200-ден астам қытайлық және шетелдік қонақтар жиналып, заманауи қалаларды басқару ұстанымдары аясында пікір алмасып, практикалық тәжірибелермен алмасты.

Бұл шара 26 қарашаға дейін жалғасады. 23 қарашадан бастап әр елден келген қонақтар Тяньшаньның солтүстігі мен оңтүстігіндегі қалаларды аралап, маңызды әрі алуан түрлі іс-шараларға қатысып, Жібек жолы бойындағы жергілікті қалалардың даму өміршеңдігін өз көздерімен көріп, сезінеді.

«Әлем қала әкімдері диалогі» жобасы 2024 жылы іске қосылғаннан бері Қытайдың көптеген қалаларында өткізіліп келеді. Шара қытайлық және шетелдік қалалар үшін бір-бірінің басқару тәжірибесінен сабақ алып, практикалық ынтымақтастықты тереңдететін маңызды алаңға айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото