Ляньюньган халықаралық пойызы жалпы 1,5 миллион TEU тасымалдады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 24 қараша

24 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 22 қараша күні Қытай-Қазақстан (Ляньюньган) логистикалық ынтымақтастық базасында күнделікті қажетті заттарға, автомобиль бөлшектеріне және құрастыру зауытының жабдықтарына толы халықаралық жүк пойызы жолға шықты. Бұл 1992 жылы желтоқсанда алғашқы халықаралық жүк пойызы іске қосылғаннан бері Ляньюньганда тасымалданған жүктердің көлемі 1,5 миллион TEU-дан асқан сәт.

Пойыз Қорғас портында қайталай ауыстыруды аяқтап, ел шекарасынан шығып, Қазақстанды басып өтеді. Әрі қарай Ақтау портында теңіз тасымалына алмасып, Каспий теңізінен асып, соңында Әзербайжанның астанасы Бакуге жетеді.

Ағымдағы жылдың алғашқы 10 айында Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасында барлығы 809 Қытай-Еуропа (Азия) пойызы жолға шығып, көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8%-ға өсті. Ал Транскаспий (Әзербайжан) бағыты бойынша тасымалдау сәйкес уақытпен салыстырғанда 274,1%-ға ұлғайды. Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржол интермодальдық тасымалы 7720 TEU жүк жеткізген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 258,1%-ға артып, рекордтық көрсеткіш орнатты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото