- Барлық ақпарат
Шыңжаң порттарынан кіріп-шыққан жолаушылар саны алғаш рет 5 миллионнан асты

25 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң кіру-шығу шекаралық бақылау станциясының мәліметіне сәйкес, 23 қарашадағы жағдай бойынша Шыңжаң порттарынан кіріп-шыққан жолаушылар саны 5 миллионнан асқан. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 миллионнан астам адамға өсіп, рекордтық көрсеткіш орнатты.
Әуе порты көрсеткіштеріне келсек, Үрімжі Тяньшань халықаралық әуежайы жыл басынан бері 9 жаңа тікелей халықаралық жолаушылар және жүк маршруттарын қосты. Қазір Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Әзербайжан және Германия сияқты 18 елді (аймақтарды) қамтитын 27 халықаралық жолаушылар маршруты, сондай-ақ 22 елді (аймақтарды) бірлестіретін 40 халықаралық жүк бағыты бар. Орталық Азияның бес еліне қатынайтын жолаушылар рейстерінің көлемі бойынша Шыңжаң елімізде бірінші орында тұр.
Теміржол порттарына келсек, Шыңжаң кіру-шығу шекаралық бақылау станциясы Алашанькоу мен Қорғас сынды екі ұлттық теміржол торабына сүйеніп, Қытай-Еуропа пойыздарының қалыпты жұмысын қамтамасыз етті. Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржол жобасының құрылысына кедендік қызмет көрсету және кіру-шығу пойыздарын алдын ала тексеруді жүзеге асырып, 24 сағаттық тиімді кедендік ресімдеуді орнықтырды. Осы жылдан бастап Шыңжаңның теміржол порттарынан 41 000 пойыз кіріп-шықты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға өсті және кедендік рәсімдеу көлемі елде бірінші орында тұр.
Автомобиль порттарына келетін болсақ, Шыңжаң кіру-шығу шекаралық бақылау станциясы «Орталық Азияны байланыстырып, Еуразияны қамтитын» географиялық артықшылықтарға сүйеніп, TIR халықаралық автомобиль тасымалын, Қытай-Қазақстан тауар көліктерінің экспортын және Қытай-Моңғолия минералды-энергетикалық қысқа тасымалын қолдайды. Сондай-ақ кіру-шығу көліктеріне «кедендік ресімдеуге алдын ала жазылу» және «жасыл арна» сияқты оңтайлылықты ұсынады. Осындай шаралар арқасында кедендік ресімдеудің тиімділігі 50%-ға артты.
Осы жылдан бастап Шыңжаңның кіру-шығу шекаралық бақылау станциясы визасыз режим арқылы 79 елдің азаматтарына елге қарапайым төлқұжаттармен визасыз кірудің ыңғайлы қызметін қамтамасыз етті. Шетелдіктердің кіру карталарын онлайн тіркеуді толығымен жүзеге асырды. Қытай азаматтарының кедендік рәсімдеуде кезекке тұру уақыты 30 минуттан аспауға қол жеткізді.
people.cn © People's Daily Online



