Биылғы 10 айда Шыңжаңның импорты мен экспортының құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-дан астамға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 25 қараша

25 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Үрімжі кеденінің статистикасына сәйкес, осы жылдың алғашқы 10 айында Шыңжаңның импорты мен экспортының жалпы құны 473,71 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,1%-ға өсті. Олардың ішінде экспорт 414,19 миллиард юаньды құрап, 11,9%-ға артса, ал импорт 59,52 миллиард юаньды құрап, 21,9%-ға жоғарылады.

Тілшінің 24 қараша күні Үрімжі кеденінен алған мәліметіне сәйкес, Шыңжаң алғашқы 10 айда 220 елмен және аймақпен сауда жасап, «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салған елдерге импорты мен экспорты 421,71 миллиард юань болып, 15,3%-ке артқан. АСЕАН және Африка нарықтарына импорт пен экспорттың құны тиісінше 75,75 миллиард юань және 43,22 миллиард юань болып, сәйкес уақытпен салыстырғанда 50,6%, 108,1%-ға өсті.

Алғашқы 10 айда Шыңжаң Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығының (APEC) басқа экономикаларына 132,98 миллиард юаньдық тауар импорттап, экспорттады. Бұл 27,7%-ға өсті. Африкадан импорт 156,5%-ға өсті. Шыңжаңның 10 миллион юаньнан астам импорттық көздері 52-ге дейін көбейді.

Осы жылдың төртінші тоқсанынан бастап Шыңжаңның Орталық Азияның бес еліне импорты мен экспортының құны өсу тенденциясын көрсетті. Қазан айында Шыңжаңның Орталық Азияның бес еліне импорты мен экспортының құны 28,29 миллиард юаньды құрап, 55,8%- а өсті. Олардың ішінде Қазақстанға импорт пен экспорт алты ай қатарынан оң өсімді сақтап келеді.

Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолы және көршілес елдердегі инфрақұрылымдық жобаларының арқасында Шыңжаң алғашқы 10 айда 3,51 миллиард юань шетелдік келісімшарттық жобаларды экспорттап, бұл сәйкес уақытпен салыстырғанда 32,8%-ға өсті. Шыңжаң тағы да электромобильдер, литий батареялары және фотоэлектрлік өнімдер сияқты құны 9,27 миллиард юань болатын «жаңа үш» өнімді экспорттап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 69,7%-ға артты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото