Қытай-Моңғолия-Ресей халықаралық жолаушылар пойызы Бейжіңнен жолға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 25 қараша

25 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 25 қараша күні жолаушылардың бірінші партиясы мінген V3/4 Қытай-Моңғолия-Ресей халықаралық жолаушылар пойызы Бейжің теміржол вокзалынан жолға шықты. Бейжіңнен аттанған пойыз Ұланбатырды басып өтіп, ақырында Иркутск қаласына барады. Бұл V3/4 Қытай-Моңғолия-Ресей халықаралық жолаушылар пойызының ресми ашылғанын білдіреді. Пойыз жалпы 2666 шақырым жолды 55 сағатта басып өтеді. Бұл Қытай, Моңғолия және Ресей арасындағы халықтың барыс-келісіне, экономикалық және сауда ынтымақтастығына және мәдени алмасуларға ықпал етеді.

Мәліметке сәйкес, Қытай-Моңғолия-Ресей V3/4 халықаралық жолаушылар пойызы жаңа 25G халықаралық пойызын іске қосты. Пойыз толық ел шекарасынан шығу сынақ операциясын 2025 жылдың наурыз айында аяқтаған болатын. Пойыз биік, суық және ұзақ аралықты жол жүруге бейімделген, трансшекаралық жол жүру шарттарын қанағаттандырып, жолаушылардың сапарына ыңғайлы құрал-жабдықтармен толық жабдықталған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото