7 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен оның жұбайы Пэн Лиюань 5 ақпан күні түсте Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайының Алтын залында 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысқан халықаралық мәртебелі қонақтарды қарсы алу үшін қонағасы берді. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қонағасыда сөз сөйлеп, ең алдымен Қытай үкіметі мен халқының атынан Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін Қытайға келген барлық қонақтарды қарсы алатынын жеткізіп, осы жарысқа қамқорлық жасаған және қолдау көрсеткен барлық үкіметтерге, халықтарға және халықаралық ұйымдарға шын жүректен алғысын білдірді.
5 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін түстен бұрын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Қытайға келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен кездесті.
5 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 4 ақпан күні кешке Бейжің ұлттық стадионында 24-інші қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Бұл Қытай Халық Республикасы туынын акелінуі.
5 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатынан кейінгі бірінші жарыс күні басталды. Осы жарыс күні биатлон, шаңғымен секіру, фристайл, шорт-трек, шаңғы жарысы және конькимен жүгіруден барлығы 6 алтын медаль сарапқа салынады.