人民网首页Бас бет

Жаңалық

Шорт-тректен ерлер арасындағы 1000 метрлік финалда Қытай спортшысы Рен Цзывэй бас жүлде алды

8 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 7 ақпан күні қытайлық спортшы Рен Цзывэй астаналық стадионда Бейжің-2022 қысқы Олимпиадасының шорт-тректен ерлер арасындағы 1000 метрлік финалында алтын медальді қанжығасына байлады. Ал қытайлық Ли Вэньлун күміс, венгрлік Лю Шаоан қола медальді еншіледі.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары: жеңіс жаспен өлшенбейді

8 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Биылғы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында бәсекелестердің ішіндегі жасы ең кішісі мен ең үлкенінің айырмашылығы 35 жасты құрады. Олар 15 жастағы чехиялық шаңғымен секіруші Анезка Индракова мен Германияның 50 жастағы конькишісі Клаудиа Печштейн.

Қытайлық Су Имин сноубордтан күміс медаль алды

8 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 7 ақпанда Чжанцзякоу жарыс аймағында 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасының сноуборд жарысынан ерлер арасындағы еңіс кедергілерден өту шеберлігінің (слопстайл) финалы өтті. Қытайлық Су Имин ерлер арасындағы еңіс кедергілерден өту жарысында күміс жүлдені жеңіп алды.

Қытай құрамасының бірінші алтын медальы

7 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылы 5 ақпанда Бейжің қысқы Олимпиадасының шорт-тректен аралас құрама командасы 2000 метрге эстафеталық финалда Қытай құрамасы чемпионатты жеңіп алды. Бұл Қытай спорт делегациясының қысқы Олимпиада ойындарындағы алған тұңғыш алтын медальы.

Алдынғы бет10 11 12 13 14 15 Келесі бет