9 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 7 ақпанда Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының кезекті баспасөз мәслихатында тілші Бейжің қысқы Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ян Шуаньнан Қытай делегациясының спортшыларынан қысқы Олимпиада ойындарында қандай жетістіктер күтілетінін сұрады. «Ағымдағы Қысқы Олимпиадада Қытай спортшылары үшін нақты жетістіктер көрсеткіші жоқ» деп жауап берді Ян Шуань.
8 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында АҚШ қарастылығындағы Самоаның ту ұстаушысы Натан Крамптон қақаған аязға қарамастан, денесіне май жағып, шөп белдемше киіп, аяғына флипфлоппен іліп «жеңіл киініп» шығып жұрыт назарын өзіне аударды. Ашылу салтанатынан кейін оны қытайлық және шетелдік көрермендер «қысқы Олимпиада ойындарындағы суыққа ең төзімді ту ұстаушы» деп атады.
8 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 7 ақпан күні түстен кейін ХОК президенті Томас Бах әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жеке биатлон жарысын тамашалау үшін Чжанцзякоу жарыс аймағындағы Ұлттық биатлон орталығына келді. Одан кейін Т.
8 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 8 ақпан күні таңертең Қытай спортшысы Гу Айлин Бейжің қысқы Олимпиадасындағы әйелдер арасындағы фристайл - шаңғымен секіру финалында алтын медальдің иегері атанды.