10 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Халықаралық инспекциялық агенттік (ITA) допинг сынамасының қалыпсыз нәтижелерін жариялады: 7 ақпанда Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан ирандық тау шаңғышысы Хусейн Сави Шемшакидің допинг сынама нәтижесі қалыпсыз (оң нәтиже) болып, уақытша жарыстан шеттетілді. Бұл Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары басталғаннан бері жарияланған допинг сынамасының алғашқы қалыпсыз жағдайы.
10 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Күн сайын таңғы сағат 6-да Бейжің-2022 қысқы Олимпиада ойындарының Яньцин аумағындағы Ұлттық тау шаңғы орталығында үстеріне қызыл түсті шаңғы костюмін киіп, аяқтарына шаңғы таққан бір топ адам сақадай сай тұрады. Олар 2770 метр биіктіктегі жарыс алаңына барып, алаңның дайындығын тексереді.
9 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 8 ақпан күні Қытай спортшысы Гу Айлин Бейжің 2022 қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы фристайл - шаңғымен секіру финалында алтын медальдің иегері атанды. Америка Құрама Штаттарында туып, Қытай атынан жарысқа қатысқан 18 жастағы Гу Айлин қытайлық желі қолданушыларының ақ тілегіне ие болып қана қоймай, американдық БАҚ, соның ішінде CNN және The New York Times басылымдарының назарын аударды.
9 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 8 ақпанда өткен Халықаралық Олимпиада комитеті мен Бейжің қысқы Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің кезекті баспасөз мәслихатында Бейжің қысқы Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті індеттің алдын алу басқармасы директорының орынбасары Хуан Чун Қысқы Олимпиада ойындарының жабық циклінде кластерлік індет болмағанын айтты. «23 қаңтар мен 7 ақпан аралығында, Олимпиада қалашығы ашылғаннан бүгінгі күнге дейін, барлығы 393 адам қайта тестілеуден өтіп, оң нәтижені берді, оның ішінде спортшылар мен команда басшылары 40,46% құрайды, ал басқа мүдделі тұлғалар 59,54% құрады.