人民网首页Бас бет

Жаңалық

Ерлер арасындағы скелетон жарысында: Қытайлық Янь Вэньган қоланы жеңіп алды

14 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Ақпанның 11-і күні Қытай спортшысы Янь Вэньган Ұлттық қар-шана орталығында өткен Бейжің-2022 қысқы Олимпиадасының скелетон жарысынан ерлер арасындағы жарыста қола жүлдені жеңіп алды. Бұл қысқы Олимпиада тарихындағы Қытайдың скелетон құрамасы үшін бірінші медаль болып табылады.

Медальға бір қадам: Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Олимпиаданы 4-орынмен аяқтады

Бүгін Бейжің қысқы Олимпиадасында шорт-тректен 500 метрлік қашықтықта Абзал Әжіғалиев үздік төртінші оырнға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Финалдық додада Абзал мәре сызығын төртінші болып кесіп, өкінішке қарай жүлдеге сынық сүйем жерден тоқтады.

Конькимен жүгіруден ерлер арасындағы 500 метрлік финалда Қытайлық Гао Тинъюй алтын медаль еншіледі

14 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 12 ақпанда Ұлттық конькимен жүгіру стадионындағы «Мұз таспасы» алаңында 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасының ерлер арасында 500 метрге конькимен жүгіруден финал өтті. Жарыс нәтижесінде қытай ойыншысы Гао Тинъюй чемпион атанды әрі 34,32 секундтық нәтижемен Олимпиада рекордын жаңартты.

Шорт-тректен әйелдер арасындағы 3000 метрлік эстафеталық финалда Қытай құрамасы үшінші орынды жеңіп алды

14 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 13 ақпанда Қытай құрамасы астаналық стадионда өткен Бейжің-2022 қысқы Олимпиадасының шорт-трек жарысында әйелдер арасындағы 3000 метрлік эстафеталық финалда қола медальді қанжығаларына байлады. Аталған ойында Голландия құрамасы алтын мелальді, Корея Республикасы командасы күміс медальді еншіледі.

Алдынғы бет6 7 8 9 10 11 Келесі бет