人民网首页Бас бет

Жаңалық

Фристайл шаңғымен сырғанаудың әйелдер арасындағы әуе шеберлігі финалында Қытай спортшысы Сюй Мэнтао жеңіске жетті

15 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 14 ақпан күні кеште Бейжің 2022 қысқы Олимпиада ойындарының фристайл шаңғымен сырғанау бойынша әйелдер арасындағы әуе шеберлігі финалы Чжанцзякоудың Юньдин шаңғы саябағында өтті. Онда Қытай спортшысы Сюй Мэнтао чемпиондықты жеңіп алды.

14 ақпанда Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті спортшылар комитетінің төрағасы Ян Ян баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Бейжің 2022 қысқы Олимпиада ойындары қазірге дейін жарысқа қатысқан әйелдердің үлесі ең жоғары және қатысқан жарыс түрлері ең мол қысқы олимпиадаға айналды

15 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Халықаралық Олимпиада комитеті мен Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті 14-і күнгі кезекті баспасөз мәслихатында: «Бейжің қысқы Олимпиада ойындары қазірге дейін жарысқа қатысқан әйелдердің үлесі ең жоғары және қатысқан жарыс түрлері ең мол қысқы олимпиадаға айналды», - деді. Халықаралық Олимпиада комитетінің баспасөз хатшысы Марк Адамс Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан спортшы әйелдердің үлесі 45,4 пайызға жеткенін, ал барлық 109 жарыстың ішінде әйел спортшылар қатысқан жарыс 53 пайызды құрағанын айтты.

Алтыншы алтыні! Су Имин ерлер арасында сноубордингтен үлкен платформадан секіру жарысында, алтын медальді жеңіп алды, бұл Қытайдың қысқы Олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижесі

15 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін түстен кейін (жергілікті уақыт) Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасында сноубордингтен үлкен платформадан секіру бойынша финалдық жарыс өтті. Осы жарыста алтын медальді қытайлық Су Йимин жеңіп алды.

Қытай әйелдер арасындағы конькимен сырғанаудан командалық қуалау жарысында үздік төрттікті жіберіп алды

14 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 12 қаңтар күні түстен кейін Қытай құрамасының спортшысы Ақнар Адаққызы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында конькимен сырғанаудан әйелдер арасындағы командалық қуалау жарысының ширек финалына командаластары Ли Циши, Хань Мэйлермен бірге қатысты. Өкінішке қарай, олар 3 минут 00,58 секунд уақыт көрсеткішімен 8 қатысушы команданың ішінде 5-ші орынға ие болып, жартылай финалға өте алмады.

Алдынғы бет5 6 7 8 9 10 Келесі бет