人民网首页Бас бет

Жаңалық

Бейжің 2022 Қысқы Паралимпиада ойындарына Қытай спорт делегациясы құрылды

21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Делегацияның жалпы саны – 217, оның ішінде 96 спортшы (ерлер 68, әйелдер 28), 121 жаттықтырушылар, қызметкерлер, жарысты қолдау қызметкерлері және медициналық қауіпсіздік қызметкерлері бар. Спортшылар 12 өлке-қаладан келген хань, маньчжур, ва, дай, дун, и және мяо сияқты 7 этникалық топтан құралған.

Қысқы Олимпиада ойындары Италия уақытына енді

21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 20 ақпан күні кешке Ұлттық стадионда XXIV қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Жабылу салтанатында олимпиада ойындарының туын тапсыру рәсімі болды.

Бейжің қысқы Олимпиадасы: жұптық сырғанаудан Қытай алтын медаль алды

21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 19 ақпан күні кешке Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан жұптық конькимен еркін сырғанау жарысында Қытай ойыншылары Суй Вэньцзин мен Хань Цун чемпион атанды. Екінші орынды Ресей Олимпиада комитетінің ойыншылары Евгения Тарасова мен Владимир Морозов жеңіп алса, үшінші орынды Ресей Олимпиада комитетінің спортшылары Анастасия Мишина мен Александр Галямов жеңіп алды.

Қысқы Олимпиада ойындарының еріктісі Чжан Юньди: Шетелдік достармен қазақ тілінде сөйлестім

21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Менің атым Чжан Юньди, Бейжің шетел тілдері университетінің орыс тілі институтынан келдім. Осы жолғы қысқы Олимпиада ойындарында Олимпиада отбасының (OFA, Olympic Family Assistant) көмекші еріктісі болып жұмыс жасадым.

Алдынғы бет1 2 3 4 5 6 Келесі бет