人民网首页Бас бет

Жаңалық

Бейжің-2022 қысқы Олимпиада ойындары салтанатпен жабылды

21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 2008 жылы ғасырлық Олимпиада арманы орындалғаннан 2022 жылы Олимпиадамен қайта қауышқанға дейін Бейжің тарихтағы алғашқы «Қос Олимпиада қаласы» атанды. 91 ел мен аймақтан келген 3000-ға жуық спортшы тынбай тер төгіп, биік нәтижелерге қол жеткізді.

Барлық спортшылар құрметке лайық

18 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Бұл Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарындағы ерлер арасында 15 шақырымға шаңғымен жүгіру (дәстүрлі әдіс) жарысынан кейінгі топтық сурет. Суреттегі екі адам – сол жағындағы Колумбиялық Карлос Андрес Кинтана, ол жарысқа қатысушы 95 адамның ішінде ең соңғысы болып келді, ал оң жағындағы спортшы осы жарыстың чемпионы Финляндиялық Ийво Нисканен.

Томас Бах: Бейжің қысқы Олимпиадасы індет кезінде өткен ұлы Олимпиада болды

18 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах бүгінгі баспасөз мәслихатында Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының қазірге дейін сәтті өтіп жатқанын айтты. «Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары індет кезінде өткен ұлы олимпиада болды».

Сегізінші алтын! Гу Айлин Бейжің қысқы Олимпиадасындағы үшінші медальді қанжығасына байлады

18 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 18 қаңтар Чжанцзякоу Юндин шаңғы саябағында 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиада ойындарында фристайлдың U-тәрізді далалық шеберлік бойынша әйелдер арасында финал өтті. Жарыста Қытай құрамасының ойыншысы Гу Айлин алтын медаль еншіледі.

Алдынғы бет2 3 4 5 6 7 Келесі бет