人民网首页Бас бет

Жаңалықтар

Қытай Коммунистік партиясы Қытай моделін «экспорттамайды»

21 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП Орталық комитетінің Халықаралық департаментінің орынбасар министрі Шэнь Бэйли 20 қазанда ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының ақпарат орталығында өткен журналистермен кездесуде Қытай Коммунистік партиясы Қытай моделін «экспорттамайды» және басқа елдер мен саяси партиялардан біздің тәжірибемізді «көшіруді» сұрамайды деп мәлімдеді. Ол былай деді: «Бір-бірінің ішкі істеріне араласпау» әртүрлі елдердегі саяси партиялардың жалпы консенсусы және халықаралық қатынастардың негізгі қағидасы, сондай-ақ әртүрлі саяси партиялардың өз тәуелсіздігін сақтауының қажетті шарты болып табылады.

Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі: Қытай әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі ретінде танылды

20 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгінде Қытай әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі болып саналады. Бұл туралы Қоғамдық қауіпсіздік вице-министрі Сю Ганьлу 19 қазан күні ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының баспасөз мәслихатында айтты.

Отандық және шетелдік журналистер Бейжіңдегі теміржол көлігін басқару орталығын тамашалады

19 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының жаңалықтар орталығы 17 қазан күні отандық және шетелдік тілшілер үшін Бейжің теміржол көлігін басқару орталығында экскурсия жасау және сұхбат алу іс-шараларын ұйымдастырды. Шараға 30-дан астам отандық және шетелдік БАҚ-тан 50-ге жуық журналистер қатысты.

ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының төралқасы екінші отырысын өткізді, отырысқа Си Цзиньпин төрағалық етті

19 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 18 қазанда Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының төралқасы екінші отырысын Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында өткізді. Отырысқа Си Цзиньпин жолдас төрағалық етті.

Алдыңғы бет2 3 4 5 6 7 Келесі бет