5 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін түстен бұрын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Қытайға келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен кездесті.
4 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 3 ақпан күні кешке Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін және сапар барысында екіжақты келіссөздер жүргізу мақсатында Бейжіңге келді.
30 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз орталығының хабарлауынша, «Қазақ темір жолының» еншілес кәсіпорны «Кедентранссервис Холдинг» Дарбаза станциясынан Тяньцзинь (Қытайдың солтүстікіндегі портты қала) бағытындағы Алатау сағасы шекара өткелі мен Достық шекарасынан өтетін контейнерлік пойыз желісін іске қосты. Мәліметтерге сәйкес, контейнерлік пойызда мақта талшықтары тиелген 40 футтықтен тұратын жалпы саны 50 контейнер бар.
17 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 14 қаңтарда ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьер-министрі Ли Кэцян Әлихан Смайыловқа телефон соғып, оны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалуымен құттықтады. Премьер-министр Ли Кэцян құттықтауында Қытай Қазақстанның ұлттық қауіпсіздікті, әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын сақтаудағы ерен еңбектерін қолдайтынын айтты.