7 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь «Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі М. Тілеубердінің ұсынысымен Қытай Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И 6-9 маусым аралығында Қазақстанда «Қытай + Орталық Азиядағы бес ел» Сыртқы істер министрлерінің Үшінші кездесуіне қатысады және Қазақстанда ресми сапарда болады» деп жариялады.
2 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 31 мамырда Қытай халықаралық мәдени алмасу орталығы мен People's Daily "Global People" журналының демеушілігімен екінші рет өткен "Жібек жолындағы достық дәнекерін" салтанатты марапаттау рәсімі онлайн бейне арқылы өтті. Шарада Қазақстандық Гүлнар Шаймергенова марапатқа ие болды.
20 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылы 19 мамыр күні Сыртқы істер министрінің орынбасары Лэ Юйчэн Қазақстанның Қытайдағы жаңадан тағайындалған Елшісі Шахрат Нұрышевпен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар, жоғары деңгейдегі алмасулар және «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құрудағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты. Лэ Юйчэн Шахрат Нұрышевті Қытайдағы жаңа қызметімен құттықтап, Қытай мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жылдан бері екі елдің қарым-қатынасы уақыт өткен сайын нығайып, үздіксіз серпінді дамуға қол жеткізгенін, түрлі салалардағы ынтымақтастықтың жемісті нәтижелер бергенін айтты.
29 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Сәуірдің 20-сы мен 24-і аралығында Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында V Еуразия халықаралық кітап көрмесі өтті. Сәуірдің 22-сі күні «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құрушы елдердің баспа ынтымақтастығы ұйымы көрме орталығында «Өзара қолдау және ынтымақ арқылы тең ұтысқа жету – Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының 30 жылдығына арналған баспа алмасу симпозиумы» онлайн және офлайн режимде өтті.