人民网首页

Жаңалықтар

Қытай мен Қазақстан достығына жаңа көпір салынды

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяодың Жэньминь жибаоға басылған мақаласы 9 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 1992 жылы 3 қаңтарда Қытай Қазақстанмен дипломатиялық қатынас орнатқан алғашқы елдердің бірі болып, Қытай мен Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойды. Дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 30 жылдан бері Қытай мен Қазақстан қарым-қатынастары өзгеріп жатқан халықаралық жағдайдың сынағынан сүрінбей өтіп, әрқашан мығым өміршеңдік пен ынтымақтастықтың күшті серпінін сақтап келді.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев жұмыс сапарымен Бейжіңге келді

4 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 3 ақпан күні кешке Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін және сапар барысында екіжақты келіссөздер жүргізу мақсатында Бейжіңге келді.

Қазақстан темір жолының еншілес кәсіпорны Дарбаза-Тяньцзинь бағытындағы контейнерлік желіні іске қосты

30 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз орталығының хабарлауынша, «Қазақ темір жолының» еншілес кәсіпорны «Кедентранссервис Холдинг» Дарбаза станциясынан Тяньцзинь (Қытайдың солтүстікіндегі портты қала) бағытындағы Алатау сағасы шекара өткелі мен Достық шекарасынан өтетін контейнерлік пойыз желісін іске қосты. Мәліметтерге сәйкес, контейнерлік пойызда мақта талшықтары тиелген 40 футтықтен тұратын жалпы саны 50 контейнер бар.

Премьер-министр Ли Кэцян Қазақстанның жаңадан тағайындалған Премьер-Министрі Ә.Смайыловқа құттықтау телеграммасын жолдады

17 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 14 қаңтарда ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьер-министрі Ли Кэцян Әлихан Смайыловқа телефон соғып, оны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалуымен құттықтады. Премьер-министр Ли Кэцян құттықтауында Қытай Қазақстанның ұлттық қауіпсіздікті, әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын сақтаудағы ерен еңбектерін қолдайтынын айтты.

Алдыңғы бет9 10 11 12 13 Келесі бет